ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Серік Бурамбаевпен кездесу

1 тамыз күні Yessenov University-де университет басшылығының Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Серік Бурамбаев пен Әскери-теңіз базасының қолбасшысы, екінші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – Yessenov University алаңында әскери-теңіз факультетінің курсанттарын оқыту перспективаларын және одан әрі ынтымақтастық жоспарларын талқылау болды. Кездесу барысында теңіз және әскери теңіз білім беру бағыттарын дамыту мәселелері қарастырылды.