12 ақпан күні Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Yessenov University «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша сындарлы және ашық диалог орнату мақсатында «Қазақстан Республикасындағы келісім мен бірлік саясаты: тәжірибе, сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Садвокасова Айгүл Какимбековна, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Конференция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін ұйымдастыру және іске асыру бойынша жемісті жұмысты жалғастыру үшін талқыланған мәселелерге қатысты бірқатар конструктивті ұсыныстар енгізілді.