Қаржылық қауіпсіздік: дроптар кімдер және қаржылық пирамидалармен қалай күресеміз?

9 сәуір күні Маңғыстау облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен және Yessenov University қолдауымен «Қаржылық қауіпсіздік: дроптар кімдер және қаржылық пирамидалармен қалай күресеміз?» тақырыбында үш күндік семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Астана қаласындағы Қаржылық Мониторинг Агентігінің базасында арнайы курстан өткен тренерлер аталған тақырыпты жан-жақты талдады. «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Конысов пен Экономикалық тергеу департаментінің мамандары қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік жайында дәрістер оқып, интерактивті тапсырмалар, сауалнамалар және ойын элементтері арқылы түсінікті әрі қызықты форматта ақпарат ұсынды.Белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараға арнайы қонақтар ретінде көпшілікке кеңінен танымал әзілкештер мен өнер иелері қатысып, жастармен ашық сұхбат жүргізді. Олар қаржы пирамидаларының айласы, дроп ұғымы және қаржылық қауіптерден қорғану жолдары туралы нақты мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.