Қарақұйрық достары

Yessenov University базасында «Қарақұйрық достары» клубтарының облыстық слеты өтті. 
Іс-шара 7 номинация бойынша байқау түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың жұмыстарын тәжірибелі мамандар мен білікті сарапшылардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. 
Слет қорытындылары бойынша әр команда өзінің еңбегіне сай марапатталып, облыс бойынша «Қарақұйрық дастары» клубтарының қоғамдастығы құрылуы жөнінде ниет білдірілді. Жас табиғат жанашырларының игі бастамасын әділқазылар алқасының мүшелері бірауыздан қолдады.