Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
75 жыл толған Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Ардагерлердің жауынгерлік және еңбектегі ерлігі халқымыздың барлық буыны үшін мәңгілік екенін, ал ерлік әрдайым қасиетті болып қала беретінін атап өткен жөн.
Қасірет пен қайғысы ел қабырғасын қайыстырып, еңсесін езгілеген бұл соғыс жайлы қанша жылдар өтсе де айтып та, жазып та тауыса алмаспыз. Егемен елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпейді.
Сұрапыл соғыстың соққысына шыдаған батыр бабаларымыздың ұрпағына, мына бізге, қазіргі заманда туындаған кез келген қиындық (тіпті пандемия) өз күшін көрсете алмасы анық. Батырдың ұрпағы батыр болып қала бермек. Бірлігі мен татулығы жарасқан қазақтың басы барлығына да шыдап, төтеп беріп келеді. Әр қиындықтың артынан бір тәттінің, бір жарық күннің көрінетіні бәрімізге айқын.
Әрдайым еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқала берсін!