ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы

Yessenov University  2020 жылдың 12 қарашасынан бастап, 30 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының І кезеңі өтетіндігін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орнындағы профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада педагогтің өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы жағдай жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген ынтасын арттыру.

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттағы оқытушылар) қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқытушылар университеттің ғалым хатшысына хабарласып (Бас оқу ғимараты, 13 қабат, 13-7 кабинет), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы  (universitycontest.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

  1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021548) 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иелену байқауына қатысуға үлгі бойынша жазылған өтініш;
  2. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
  3. Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
  4. кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
  5. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.