«Жас тілші» үйірмесі

“Жас тілші”

«Жас тілші» үйірмесі  студенттердің тілдік сауаттылықтарын арттыру,қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілді дұрыс қолдана білуге үйретуге, болашақ журналист,редактор,тілші,репортер мамандықтарына қатысты студенттердің білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Үйірмеге қатыса отырып, студент қазіргі журналистиканың қоғамдағы орны мен рөлін талдауды, бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, журналистика саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуді үйренеді.

«Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі – Дарментаева Арай Нурхатқызы – ҚазҰУ түлегі, журналист.