Волейбол

Волейбол

Волейбол – студенттерді дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, шеберлікке тарту үшін керемет спорт түрлерінің бірі. Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады

Сейдалиев Кенесары Волейбол үйірмесінің тренері