«Педагогтердің психикалық саулығы мен эмоционалды күюінің алдын алу» тақырыбындағы курс

2025 жылдың 28-сәуірінен Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Білім беру қызметкерлерінің психикалық денсаулығы мен эмоционалды күйреуінің алдын алу» тықырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс тренері ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде мол тәжірибесі бар, «Білім беру» факультеті «Педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Болашақ стипендиаты, гештальтерапевт, психосоматолог-практигі Егенисова Алмажай Құлжанқызы.

Курстың мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс барысында эмоционалды интеллектісін дамыта отырып, психикалық денсаулығын, стреске тұрақтылығын, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, эмоционалды  күйреуінің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Курс барысында тыңдаушыларға психикалық, физикалық, рухани денсаулық ұғымдарына түсінік беріліп, қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулық проблемаларының орын алуы мен олардың алдын алуы бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары психикалық денсаулықтың саулығын, эмоцияларды түсіну, сезімдерін сезініп, басқара алмаушылық, қарым-қатынастағы проблемалар, жұмыс барысында эмоционалды күюді жиі бастан кешіру сияқты мәселелердің жауабын табу мәселелері қарастырылды.

Эмоционалды күйіну мен кәсіби күйзеліс проблемаларын анықтау бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, педагогтерге арналған тренингтер ұйымдастырылды.