29 мамыр күні Yessenov University-де «Білім беру» факультетінің «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясы жұмыс топтары құрамының баяндамалары» туралы ғылыми семинар өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар арасында университет профессор-оқытушылар құрамымен қатар, студенттер, сонымен қатарсаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің өкілдері болды.
Шараны «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы ашып, зерттеу және даму жөніндегі вице-президент Сейдалиев Асқар Әбиұлы сөз сөйледі. «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты – презентация көрсетіліп,«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» видеофильмі тамашаланды.
Шараның соңында «Отызыншы жылдар ойраны» атты Маңғыстау өлкесіне қатысты құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылды.