Университеттің маркетинг және коммуникация бөлімі университеттің ішкі және сыртқы аудиториясымен байланысын қамтамасыз ететін стратегиялық бөлім болып табылады. Оның негізгі міндеттері университеттің беделін арттыру,корпоративтік имиджді қалыптастыру және қоғаммен тұрақты байланысты орнату болып табылады.
Негізгі Функциялары
- Университеттің брендін дамыту және нығайту
- Маркетингтік стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру
- Коммуникация және PR (қоғаммен байланыс)
- БАҚ-пен өзара әрекеттесу
- Университеттің ресми әлеуметтік желілерін басқару
- Университеттің іс-шаралары мен жетістіктері туралы ақпарат тарату
- Студенттер, түлектер, серіктестер және қоғаммен байланыс орнату
- Ішкі және сыртқы коммуникацияларды ұйымдастыру
- Халықаралық бағдарламалар мен жобаларды насихаттау
- Маркетингтік іс-шараларды жүргізеді;
- Интернет-кеңістіктегі беделді ақпараттық өрісті бақылау және қалыптастыру;
- Университеттік фото және бейне мұрағатын жүргізу.