Оралбай Утебаймен салтанатты кездесу

3 маусым күні Yessenov University-де “Huawei ICT Competition Global Final 2023-2024” әлемдік байқауының бас жүлдегері Оралбай Утебайдың университет Президенті, оқытушылары және студенттерімен салтанатты кездесуі өтті.

Кездесу барысында Оралбай әлемдік жарыстарға қатысудан алған әсерімен, тәжірибесімен бөлісті.
Yessenov University Президенті Берік Ахметов студентке деген мақтаныш сезімін білдіріп, мұндай жетістіктер Yessenov University білімінің жоғары деңгейін айғақтайтынын және басқа студенттерді жаңа белестерге ұмтылуға жігерлендіретінін атап өтті. Оқытушылар мен студенттер де жеңімпазды құттықтап, оның қайсарлығы мен табандылығын атап өтті.

Шәкіртімізді шын жүректен құттықтап, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!