Нұрлан Әбдіровпен кездесу

12 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Yessenov Unіversity студенттерімен кездесті.

Кездесуде сайлау органдарының жүйесі және оны қалыптастыру тетіктері, сайлау комиссияларын кәсібилендіру процесі, алдағы үш сайлау науқанына дайындық және оны өткізу барысы туралы баяндалды. Ауыл әкімдерін, шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын және пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау жайлы ақпарат берілді.

Төраға дауыс берудің баламалы нысандарын, Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды, оның ішінде мемлекеттік тілді міндетті түрде меңгеру қажеттігін де айтып өтті.
Кездесуге келген 70-тен астам қатысушы QR-код арқылы онлайн-сауалнамаға қызығушылықпен жауап беріп, сауалнамада қойылған сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді.

Жыл өткен сайын елімізде сайлау науқандары қызу өтіп келе жатқаны, дауыс беру құқығына енді ие болған жастарымыздың да бұл саяси процеске ынталы екені азаматтық қоғамның даму деңгейін аңғартты.