Министрдің студенттер мен оқытушылармен кездесуі

Yessenov University-ге сапары аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев ҚР жаңа экологиялық кодексін түсіндіру мақсатында университет оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Кездесуде өңірдің экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері және ең озық қолжетімді технологияларды енгізу тәсілдері талқыланды.

Оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.