10-мамыр күні Жастар үйінің залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына орай  Yessenov University білім алушылары арасында «Мен – Алаштың ұлымын» атты байқау өтті.

Конкурсқа университет факультеттерінен 5 ұл қатысып, бақ сынады. Байқау 5 кезеңнен тұрды:

І  кезең: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»;

ІІ кезең: «Бәйге» сұрақ-жауап;

ІІІ кезең: Үй тапсырмасы , яғни берілген тақырыпқа бейнеролик дайындау;

IV кезең: Күш атасын танымас (гір тасын көтеру, қол күрестіру);

V кезең: «Шебердің қолы ортақ» қолөнер байқауы;

Әділ-қазылардың шешімі бойынша:

Бас жүлдені МТТ-16-1 тобының студенті Амангелді Дастан,

1- орынды ФКС-17-1 тобының студенті Жамашов Құдайберген,

2 – орынды ФКС-17-1 тобының студенті Жұмахан Ербол,

3 – орынды УА-16-1 тобының студенті Өтелбай Төребек иемденді. Сондай-ақ, Э-17-1 тобының студенті  Бимағамбетов Ақжігіт «Өнерлі» жігіт номинациясын иемденді.

Барлық қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.