19 наурыз күні Yessenov University мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» қызметкерлерінің кездесуі болды.
Кездесудің мақсаты – білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми-практикалық жобалар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, дайындық деңгейлері бойынша оқу, ғылыми және кәсіптік білім беру практикаларын ұйымдастыру және өткізу.
Кездесуде екі жақтық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, 2024-2026 жж. арналған бірлескен қызмет жол картасы бекітілді.
Іс-шараға Yessenov University Академиялық жұмыс жөніндегі вице-президент Қайырбек Макулов, «Білім беру», «Туризм және тілдер», «Ғылым және технологиялар» факультеттерінің декандары, вице-деканы, кафедра меңгерушілері және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» директоры Эльмира Қалиева, «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Булатбек Тажибаев қатысты.