Бүгін Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы Кесикбаева Дариға Саломатовна, басшы орынбасарлары Жумин Жақсылық Жанатұлы және Рахметов Ергали Амантурдыевич “Бизнес және құқық” факультетінің 2 және 3 курс “Құқықтану” білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесіп, Әділет департаментінің қызметі туралы кеңінен айтып өтті.
Кездесуде қозғалған тақырыптар:
Әділет департаментінің негізгі қағидаттары мен құндылықтары
Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері
Құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы
Әділет департаментіне қалай жұмысқа орналасуға болады?
Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды. Әсіресе, департаментке жұмысқа орналасу тәртібі мен талаптары туралы ақпарат жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Осындай кездесулер жас мамандарға құқықтық бағыт-бағдар беріп, олардың болашақ кәсіби дамуына ықпал етеді.