Маңғыстау өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік

10 қараша күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Қылышұлы Ахметжановтың «Бизнеске жол», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобаларының «Маңғыстау өңірінде іске асырылуы» тақырыбында кездесуі өтті.

Шараға облыстық департамент қызметкерлері,  университет профессор-оқытушылар құрамы, бизнес өкілдері, волонтерлер,студенттер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Превенция қызметінің басшысы С.Қ. Ахметжанов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Президент-ректор м.а. Қ.Қ. Макулов университет материалды-техникалық базасымен, университеттің қазіргі жағдайы мен стратегиялық даму жоспарларымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Б.М. Хайруллин «Маңғыстау өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.