27 наурыз күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі шегумен күресудің маңызы» тақырыбында «Құқықтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттеріне семинар-тренинг өткізілді. Кездесуге «Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің қызметкері, психолог Маржан Мустафина және ассисстент Айжамал Базарова шақырылды.
Кездесудің мақсаты – темекінің адам өміріне зиянды екенін түсіндіре отырып, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екендігін түсіндіру.