Мұқағали Мақатаевтың  кеші

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне орай  Педагогика факультеті жанындағы жастар ісі жөніндегі комитеті және «Ағылшын филологиясы» кафедрасының аға кураторы  Н. Берсугурованың жетекшілігімен «Қайран Қарасазым-ай!» атты  әдеби- сазды кеш өткізді. Кеш барысында  университет білім алушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Мұқағали Мақатаевқа арнауларын оқыды. Сондай-ақ, ақын өлеңдеріне жазылған әндерден шашу шашты.

Кеш қонағы – Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының талантты актері, ақынның жерлесі, сахнада Мұқағали образын шебер сомдаған Айбек Иманқұлов болды. Айбек те ақын өлеңдерін оқумен қатар, жастарға тағылымды әңгімелерін арнады. Сонымен қатар, қалалық орталық кітапхана ұйымдастырған көрме де көпшілік назарынан тыс қалмады.