2 қыркүйек күні Yessenov University-де ҰОС ардагері Мұқыр Ниязұлының құрметіне жаңа аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Yessenov University президенті Берік Ахметов, қонақтар мен Мұқыр Ниязұлының ұрпақтары қатысты.
Іс-шарада ардагердің өмірбаянынан фильм көрсетіліп, студенттерге қажетті барлық құрылдармен жабдықталған жаңа оқу аудиториясына экскурсия жүргізілді.