Мұнай кен орындарын игеруде қолданылатын интеграциялық әдістер

Мұнай кен орындарын игеруде қолданылатын интеграциялық әдістер: ұңғымалардағы күрделі жағдайлар, өнімді дайындау, мұнайбергіштікті жоғарылату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

30.12.2024–10.01.2025 аралығында «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының Орталық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы Жиенқұлов Ерлан Есболайұлынан «Мұнай кен орындарын игеруде қолданылатын интеграциялық әдістер: ұңғымалардағы күрделі жағдайлар, өнімді дайындау, мұнайбергіштікті жоғарылату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс алды.

Курс барысында өндірістік сала өкілі мұнай мен газ өндіру процесін оңтайландыруға, жұмыстың тиімділігін арттыруға және экологиялық әрі техникалық қауіптерді барынша азайтуға бағытталған кешенді тәсілдер туралы баяндады. Мұнай кен орындарын игеру саласындағы негізгі бағыттар мен міндеттер талқыланды: бұрғылау және пайдалану кезінде туындайтын мәселелерді басқару; өндірілген мұнай мен газды қоспалардан (су, газ, механикалық қоспалар) тазарту процестері; мұнай өндіру көлемін арттыру әдістері, мысалы, өндірісті қарқындату, екіншілік және үшіншілік әдістерді енгізу; апаттардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау және қызметкерлердің денсаулығын сақтау.

Курстың қорытындысы бойынша әрбір тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат табысталады.