«Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева Yessenov University Прездиенті Берік Бақытжанұлы Ахметов пен университет білім алушылармен кездесті.
«Қазақстан халқына» Қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Жаңа оқу жылында«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады. Бүгінде Yessenov University-де 35 білім алушы «Қазақстан халқына» қорының гранты негізінде тегін білім алуда.
Жиында Ләззат Алтынбекқызы «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауқымды жұмыстар атқарылғанын, сапалы білім алып, мықты маман атану әрбір студент үшін маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, қордың еліміз бойынша алдағы уақытта жүзеге асыратын жаңа жобаларымен таныстырды.
Кездесу барысында университет білім алушылары қор орынбасары Ләззат Шыңғысбаева сұрақтар қойып, өздерінің жылы лебіздеріп жеткізіп, тегін білім алу мүмкіндігі үшін қор басшылығана алғысын білдірді.