Конституция – адам құқығының кепілі

Конституция күніне орай Yessenov University және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бірігіп ұйымдастыруымен «Конституция – адам құқығының кепілі» дөңгелек үстел өтті.

Университет президенті Берік Ахметов кіріспе сөзінде қонақтар мен әріптестерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мәртебесі және конституциялық реформалардың маңызы туралы баяндады.

Дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі МО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.М. Хайруллин, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Ғ.С. Бурамбаев, Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу жәнен тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М Нұрғалиев. Маңғыстау облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай және «Құқықтану» кафедрасының доценті С.К. Алибеков  баяндама жасап, мемлекеттіліктің негізгі нышаны – Ата Заңымыздың адам құқығы мен бостандығының кепілі ретіндегі маңыздылығын насихаттады.

Негізгі сөз сөйлеушілерден соң дөңгелек үстел отырысы еркін пікір алмасу форматына ауысып, сұрақ-жауапқа да кезек берілді.