Кеме тәжірибесі

Yessenov University әскери кафедрасы курсанттарының Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштерінің кемелерінде кеме тәжірибесі басталды.
Біздің курсанттарымыз кемеге келгеннен кейін кеме ережелерімен және қауіпсіздік талаптарымен танысты.
Әрбір кемеде белгіленген нормаларға сәйкес жеке және ұжымдық құтқару құралдарының (құтқару кеудешелері, белдіктер, плотиктер) тыныс алу органдарын қорғайтын оқшаулағыш құралдар мен қорғаныс киімдерінің толық жиынтығы бар.