24 қараша күні Yessenov University-де «Каспий теңізіндегі Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүктерді тасымалдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.
Теңіз академиясы ұйымдастырған конференцияға шетелдік университеттердің өкілдері мен отандық жұмыс берушілер қатысты.
Халықаралық конференцияда ынтымақтастық жиегін кеңейту мүмкіндіктері, теңіз көлік дәліздерін жаһандандырудың өзекті мәселелері және олардың даму перспективалары талқыланды.