23 сәуір күні Yessenov Unversity Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жыл сайынғы «Каспий аймағы: жаңа қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференция жұмысы Zoom платформасында ұйымдастырылды. Конференция барысында келесі секциялар отырыстары өтті:
1. Каспий елдерімен қаржы-экономикалық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық.
2. Каспий маңы мемлекеттері ұстанымы үшін Каспий аймағының құқықтық мәртебесі.
3. Каспий аймағы: туризм, логистика және экономиканың даму перспективалары.
Онлайн конференцияға Metropolitan University of London профессоры Sheku Ahmed Fofanah, Spiru Haret University (Bucharest) профессоры Manuela Epure, Бизнес және менеджмент саласындағы бизнес-практик – Толеш Айнаш, UIB Университеті “Менеджмент және бизнес” кафедрасының профессоры т. ғ. д. Садыкова Гульнара Муратбековна, Есенов университетінің зерттеу және даму жөніндегі вице-президент Т.С.Иманкулов, университет профессорлық оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер, т.б. қатысты.