10 мамыр мен 14 маусым аралығында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында XIII жазғы Универсиада өтуде.
Yessenov University-дің ерлер құрамасы каратэ-додан жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленіп, жекелей сында да жоғары нәтиже көрсетті.
Алтынбек Олжас — «Дене шынықтыру және спорт» БББ 4 курс студенті, -67 кг салмақ дәрежесінде 1 орын;
Мұхат Айдос — «Дене шынықтыру және спорт» БББ 4 курс студенті, -75 кг салмақта 2 орын;
Джалгасбай Бақытжан — «Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ 2 курс студенті, -60 кг салмақта 3 орын;
Сагидулла Әсел — «Дене шынықтыру және спорт» БББ 1 курс студенті, -59 кг салмақта 3 орын;
Нурлибек Муслима — «Қаржы нарықтары және корпоративтік бизнес» БББ 1 курс студенті, -61 кг салмақта 3 орын.
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!