Кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту бойынша өңір жастарымен кездесу

18 қыркүйек күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік саясатты түсіндіру және кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту бойынша өңір жастарымен кездесу» өтті.

Аталған іс-шарада Университет белсенді студенттері, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Ерболат Оразмұратұлы және Креативті индустрия саласына жауапты тұлға Есиркенов Рауан Ерболатұлы пікір алмасты.

Кездесу барысында Ерболат Оразмұратұлы мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсудің әлеуеті мен мүмкіндіктерін және облысымызда жастардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға гранттар алу тәртібін ұсынды.

Рауан Ерболатұлы бизнес-идеяларды қалыптастыру және бизнес-стартаптарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен IT-технологияларды пайдалану үшін креативті ойлау дағдыларын дамыту қажеттігі туралы айтты.