«Jastar Startup – 2021» жеңімпаздары

«Каспий» кәсіпкерлік орталығы Маңғыстау облыстық жастар орталығы ұйымдастырған «Jastar Startup – 2021» аймақтық байқауында мәреге жетіп, жеңімпаз атанған Yessenov University студенттерін құттықтайды.
 
🙌Стартаптар мен олардың көшбасшыларына қошемет👍🏻 – Жүнісова Малика 1 курс «Бизнес және құқық» факультеті «Қазақ мифологиясы бізге ыңғайлы форматта» жобасымен, жоба жетекшісі Асырова Л.А. және «Luminarium» жобасымен ғылым және технология факультетінің XYZ командасы, жоба жетекшісі, информатика кафедрасының аға оқытушысы Гүлназ Сейтбекқызы Жилкишбаева.
 
👉Каспий кәсіпкерлік орталығы бизнес және құқық факультетінің оқытушыларымен бірлесе отырып, студенттер мен жастарға идеяны әзірлеуден бастап оны коммерцияландыруға дейінгі барлық кезеңдерінде жобаларды дайындау және жүзеге асыруда қолдау көрсететінін еске саламыз.
 
🙌CASPIAN КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНА қош келдіңіз!
Ақтау қаласы, 32 шағын ауданы, ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ, 6 қабат.