Исентемиров Гани Бердихановичпен кездесу

2 сәуір күні Yessenov University ұйымдастырумен 2021 жылы Манчестер қаласында өткен Парапауэрлифтингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері Исентемиров Гани Бердихановичпен кездесу өткізілді.

Әлем чемпионатының жүлдегері өзінің өміріндегі қиыншылықтары жайлы, басынан өткен ауыр сынақта сағының сынбай, аяқтан тұрғандағы жолы мен мақсаты жайлы сөз етті.

Шараға Маңғыстау облысы мүгедектерге арналған спорт клубы басшысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсенбаев Мұрат Жаналиевич қатысып, облыс көлемінде мүгедектердің спорт түрлері қарқынды дамып келетінін айтып, жастарға елін, жерін сүюге, мүгедек жандардың спортына жанкүйер болуға шақырды.