Кездесу барысында Иран университеттері мен Есенов Университеті арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ирандық және YU студенттері арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды. Ғылым мен нано технологияның қарқынды дамуына баса назар аударылды, сол арқылы Есенов Университетінде нано-технология зертханасын ашу ұсынылды. Сонымен қатар ректор Иран Республикасында «Абайтану» орталығын ашуды ұсынды. Ынтымақтастық пен жобаларды талқылау мақсатында Есенов Университеті өкілдерінің Иран Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру талқылаудың соңғы тақырыбы болды.