“Инжиниринг” факультетінің студенттері вахталық әдіс бойынша практикаға бағытталған оқуға жолдама алды

Ағымдағы оқу жылының басында Yessenov University мен “Қаражанбасмұнай” АҚ басшылығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

“Инжиниринг” факультетінің студенттері вахталық әдіс бойынша практикаға бағытталған оқуға жолдама алды, яғни олар теориялық білімдерін Yessenov University-де, ал практикалық білімдерін “Қаражанбасмұнай” АҚ-да алуды жалғастырады.

“Қаражанбасмұнай” АҚ басқармасының өкілдері Yessenov University студенттерімен және басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында студенттерге вахталық әдіс бойынша практикаға бағытталған оқыту процесінде кәсіби дағдыларды меңгеру бойынша өз тілектерін білдірді.

Yessenov University өкілдері заманауи білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге, мамандарды даярлауға тікелей жұмыс берушілермен тығыз байланыста ғана қол жеткізуге болатынын атап өтіп, студенттер үшін өндірістік кен орындарындағы жұмыстың қыр-сырын зерделеудің өте маңызды екенін атап өтті. Біздің студенттерге үлкен сенім білдіре отырып, олар жобаға сәттілік тіледі.