Инжиниринг факультетінің деканымен кездесу

19-20 тамыз күндері Инжиниринг факультетінің студенттері мен ата-аналары декан Гусманова Айгул Гайнуллаевнамен кездеседі.

Кездесуде 2021-2022 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

❗️”Мұнай-химия инжинирингі”, “Экология және геология” және “Көлік және машина жасау” кафедраларының студенттері үшін кездесу 19 тамыз күні сағат 16:00-де өтеді.

❗️”Құрылыс инжинирингі”, “Энергетика” және “Көлік” кафедраларының студенттері үшін кездесу 20 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді.

Өткізу платформасы: Zoom💻