Қазақстан қалаларын таза әрі жайлы етуге бағытталған әлеуметтік бастамалар аясында Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойына орай игі істер сериясын жүзеге асыруда. Соның бірі – Ақтау қаласында жаңа «Жасыл саяжол» отырғызу болды
Yessenov University аумағында банк қызметкерлері, серіктестері, университет басшылығы және студенттер бірігіп, 100 түп жас қайың және сирень көшеттерін отырғызды.
Бұл бастама сондай-ақ университеттің республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауымен үндесіп, кампусты жасылдандыру бойынша тұрақты жұмысының жалғасы болып табылады
Уақыт өте келе бұл жас көшеттер студенттер мен қала тұрғындары үшін салқын көлеңке мен жайлы демалыс кеңістігіне айналмақ
Yessenov University алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» рухын қолдап, экологиялық мәдениетті дамыту және жасыл әрі жайлы кампус қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарын жалғастырады