2023 жылғы 5 желтоқсанда “ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардағы Азия” тақырыбында онлайн “дөңгелек үстел” өтті. “Дөңгелек үстелді” ұйымдастырушылар: Әулие Охрид Клемент атындағы София университетінің “Саяси ғылымдар” кафедрасы (Болгария) және Yessenov University “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасы. “Дөңгелек үстел” модераторлары: профессор Дронзина Т. А., доцент Медиханова А. Б.
“Дөңгелек үстел” тақырыбының өзектілігі ХХІ ғасырдағы әлемдік саясаттағы Азия елдері мен аймақтарының рөлі мен маңыздылығына байланысты. Баяндамаларымен: Маринела Петкова – дипломат, Болгария СІМ Шығыс Азия департаментінің басшысы, Болгария Республикасының Вьетнамдағы Елшісі (2019-2023); Iskren Ivanov – философия докторы, София университетінің доценті және Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдер университетінің бұрынғы шақырылған ғылыми қызметкері; Denis Simeonov – Әулие Клемент Охрид атындағы София университетінің Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік саласындағы зерттеулер магистрі және т. б. “Дөңгелек үстел” жұмысына “Халықаралық қатынастар” мамандығының 3 және 4 курс студенттері де қатысты, белсенділік танытты, сұрақтар қойды, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша қызықты жаңа білім, пікірлер алды.