Graduation-2024

28 маусым күні Yessenov University оқу бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті

Көк ордамыздан 1623 түлек диплом алып, жас маман атанды. Оның ішінде 56 түлек ерекше үлгідегі үздік дипломға ие болды.
Yessenov University-де Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және т.б. көрші облыстардың жастары ғана емес, сонымен қатар Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Камерун елдерінен келген шетелдік студенттер де оқуларын аяқтап жатыр.

Салтанатты шараға түлектердің ата-аналары, құрбы-достары, т.б. қонақтар белсенді қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.
Сонымен қатар, МО азаматтық сот алқасының төреағасы Бакытжанова Гулажар Қоянбаевна құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

Құрметті түлектер!
Университет ұжымы және ұстаздарыңыз сіздерді жоғары оқу орнын сәтті аяқтауыңызбен құттықтайды!

Егемен Еліміздің өркендеп-дамуына елеулі үлесіңізді қосатыныңзға сеніміміз мол. Университетте алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз сіздерге алдағы уақытта зор жетістіктерге жетуге көмектеседі деп сенеміз. Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық болсын. Еліміздің игілігі үшін қызмет етіп, әрқашан алға ұмтыла беріңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және табыс тілейміз!