FabLab технопаркімен дағдыларды дамыту: студенттер үшін курстардың басталуы

2025 жылы Қазақстанда Еңбекші мамандықтар жылы деп жарияланған, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау аясында Есенов университетінің FabLab технопаркі базасында Үздіксіз білім беру институты ұйымдастырған курстар басталды, бұл курстар мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарып, олардың білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Бұл курстар еңбекші мамандықтардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді, бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.
          2025 жылдың 1 сәуірінен бастап FabLab технопаркіндегі студенттер үшін «Blender бағдарламасында 3D-моделдеу және анимация негіздері», «Робототехника негіздері» және «Тігін негіздері» тақырыптарында оқу курстары өтуде. Курстар 2025 жылдың 2 маусымына дейін жалғасады.
           Курстардың негізгі мақсаты — студенттердің сандық технологиялар, инженерлік шешімдер және шығармашылық қолөнер саласындағы практикалық дағдыларын дамыту. Қатысушылар заманауи құралдарды меңгеріп, болашақ кәсіби қызметінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Оқу бағдарламалары:

  1. «Blender бағдарламасында 3D-моделдеу және анимация негіздері» – студенттер 3D-моделдер жасауды, объектілерді анимациялауды және танымал Blender бағдарламасында графикамен жұмыс жасауды үйренеді. Курс тренері — 3D-дизайнер Адилет Оразгалиевич Сандыбек.
  2. «Робототехника негіздері» – қатысушылар роботтарды құрастырумен танысып, электроника мен бағдарламалаудың негіздерін үйренеді, сонымен қатар өздерінің техникалық жобаларын жүзеге асырады. Курс тренері — робототехника маманы Ырысжан Серикович Сансызбай.
  3. «Тігін негіздері» – практикалық сабақтар барысында студенттер материалдар, пішу және тігу техникасы туралы бастапқы білім алады, сондай-ақ тігін жабдықтарымен жұмыс жасауды меңгереді. Курс тренері — тігінші Анель Амангельдиевна Орынбасарова.

Курстар барысында тренерлер практикалық жұмыстарға, FabLab заманауи жабдықтарымен жұмыс істеуге, әр қатысушыға жеке көзқараспен қарауға, шығармашылық пен техникалық ойлауды дамытуға ерекше назар аударады.
            Курстарды аяқтаған соң барлық тыңдаушылар ресми сертификаттар алады, олар меңгерген дағдылар мен құзыреттіліктерді растайды. Бұл құжаттар студенттердің болашақ жұмысқа орналастыру немесе оқу процесінде маңызды қосымша ретінде қызмет ете алады.
            Курстар технологиялар, инженерия және шығармашылық саласында өз құзыреттіліктерін дамытуға қызығушылық танытқан студенттерге арналған. Бағдарламаға қатысу студенттерге қазіргі еңбек нарығында қажетті кәсіби дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік береді.