Есепті кездесу

27 қазан күні Yessenov University-де 2020-2021 оқу жылында атқарған қызметі туралы білім ордасының Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов қоғам алдындағы алғашқы есепті кездесуін өткізді

Елбасы ұсынған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамын орындау мақсатында 2020 жылы 4 маусымда Yessenov University мемлекеттік статустан коммерциялық емес университетке айналды.

Есепті кездесуге білім алушылар, профессор-оқытушылар, Ғылыми кеңес құрамы, облыстық және қалалық мәслихат хатшылары, Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау аймақтық білім және ғылымды дамыту бойынша қоғамдық кеңес құрамы, жұмыс берушілер өкілдері және мектеп директорлары қатысты.

Кездесу басында жиналған қауымды университет кеңістігімен таныстыру мақсатында бейнеролик көрсетілді. Есеп офлайн және онлайн форматта және әлеуметтік желілерде тікелей эфирден трансляцияланды. Есеп беру соңында сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалады.