Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын Орда

Yessenov University «Қазақстан тарихы» кафедрасы 22 сәуір күні Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын Орда» атты аймақтық студенттік онлайн конференция өткізді.

Онлайн конференцияға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университет студенттері және облысымыздың арнаулы білім беретін оқу орындары Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Б.А.Хасенов, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Л.С.Шаңбасова қатысты.

Онлайн конференция жұмысы екі секцияда жалғасты.

Конференцияның 1-секциясының тақырыбы: «Ұлық ұлыстың атасы – айбынды Алтын Орда».
«Еуразия кеңістігіндегі Алтын Орда» тақырыбындағы 2- секциясында тақырыпқа байланысты 10 студенттің ғылыми мақалалары тыңдалды. Жұмыс соңында модератор баяндамашыларға терең ойлары мен құнды ізденістері, салмақты ғылыми пайымдаулары үшін алғысын білдірді.

Темой 2-ой секции конференции была «Золотая Орда на евразийском пространстве», по которой были заслушаны научные статьи 10 студентов.

В конце работы модераторы поблагодарил докладчиков за глубокие мысли и ценные поиски, серьезные научные суждения.