YU көпсалалы колледжі

Yessenov University-дің көпсалалы колледжі 2019-2020 оқу жылына күндізгі бөлімге, сырттай бөлімге және қашықтан оқыту бөліміне білім алушылар қабылдайды. Колледж оқытудың инновациялық технологияларын, соның ішінде электрондық құралдарды, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып білім беруде.
Колледжде білім алушылар үшін хореографиялық, вокалдық және домбыра үйірмелері, спорттық секциялар жұмыс жасайды.
Оқу орны қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықталған: жатақхана, интернет-кітапхана, оқу, спорт және жаттығу залдары, буфет.