“Тәуелсіздік-Мәңгілік Ел тірегі”

15 желтоқсан күні Yessenov University Конференция залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  “Тәуелсіздік- Мәңгілік Ел тірегі” атты салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында Yessenov University президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін Есенов университеті төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Жиыннан бейнеролик тамашалауды ұсынамыз!