Renaissance Aktau Hotel-мен Меморандум

24 желтоқсан күні Yessenov University және “Marriott International” Renaissance Aktau Hotel компаниясының 7300 қонақ үйінің бірі Меморандумға қол қойды.

Қонақ үйдің бас директоры Мислав Мырза аймақтағы қонақжайлылық индустриясын дамытуда Yessenov University-мен ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді.

Қазіргі уақытта шетелдік жүйе бойынша туризм және қонақ үй бизнесі саласында жоғары тиімді және сұранысқа ие мамандарды даярлау қажеттілігі бар.