Нұрлан Әлімжановтың қатысуымен Public talk өтті

Share on social networks

28 сәуір күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, “Серпер” Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін “Жас тұлпар” жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, актер, әнші, сазгер Нұрлан Әлімжановтың қатысумен Public talk өтті.

Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және профессорлық – оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды әрі көңілді жауаптар қайтарған Нұрлан кездесу барысында өнегелі әңгімелерімен де бөлісті.

Шара соңында Нұрлан Әлімжанов өзінің жаңа әнін шырқап, қатысушыларға ұмытылмас жақсы көңіл – күй сыйлады.