«Достық» студенттік клубы мүшелері «Бір шанырақ астында» атты мерекелік іс шара өткізді

«Экономика және құқық» факультетіндегі «Достық» студенттік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні арналған  «Бір шанырақ астында» атты мерекеелік шара өткізді.

«Достық» студенттік клубының әртүрлі ұлт студенттері әр ұлттың өзіне тән колоритті әсерлі жеткізуге тырысып,  ұлттық киімдермен ән айтып, би биледі. Сонымен қатар өзге ұлттардың студенттері ұлттық тағамдардың  этномәдениеттік көрмесін ұйымдастырып, өздері дайындаған ұлттық дәмдерімен бөлісті.