Ақтау қаласындағы «ForteBank» АҚ директоры Өрісбаев Аббат дәріс өткізді

3 сәуір күні «Экономика және құқық» факультетінде «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен  Ақтау қаласындағы «ForteBank» АҚ директоры, Облыстық мәслихат депутаты Аббат Өрісбаев «Жаңа технологияларды пайдалану, қазіргі кездегі банктік бизнестің даму тенденциялары» атты  тақырыпта дәрісін өткізді.

Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы «ForteBank» АҚ 17 наурыз күні өткен Miss Yessenov University 2018 сұлулық байқауының финалдық кезеңін ұйымдастыруда демеушілік көмегін көрсетті. Аббат Өрісбаев осы шараға қатысқан қатысушыларға да финалдық кезеңіне дейін қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өткізді.

Аббат Өрісбаев Yessenov University-де бәсекеге қабілетті экономикалық мамандарды дайындауда тәжірибелік және әдістемелік көмегін көрсетуге дайын екендігін білдірді.