27 сәуір күні Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Чернобыль АЭС-дағы апаттың 35жылдығына арналған “Чернобыль біздің жадымызда“ атты халықаралық қатысумен республикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесуге ҚР ақпараттық және қоғамдық даму вице-министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Кожахмет М.Д., Қазақстан Республикасындағы Украина Елшісінің орынбасары Кобзистый О.П., Беларусь Республикасы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жою жөніндегі департаментінің ғылыми қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы О. Н. Антипенко, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулетов А.С., Yessenov University студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Аманиязова Г. Д., радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Брайт Ю., Белоруссия мен Украинадан, Қазақстанның Ақтау, Талдықорған, Алматы, Павлодар,Семей қалаларынан Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатысты.
Іс-шара оффлайн, онлайн форматтарында өткізілді. Қашықтықтағы форматқа еліміздің әртүрлі өңірлерінен ынта білдірушілер қаосылды.
Іс шара барысында Чернобыль АЭС апаты мысалында экологиялық мәселерді жетілдіру бағытында көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.