Қазақ филологиясы

Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасындағы 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 2020 жылғы білім беру бағдарламалары Атамекен Ұлттық рейтингінің қорытындысында 43 жоғары оқу орнының ішінде 2-орын алып, арнайы сертификат берілді.

Бұл әрине, білім беру бағдарламасы бойынша жоғары сапалы, нәтижелі жұмыстың көрсеткішіне берілген орын болып есептеледі.

Осындай зор жетістікпен кафедра профессор-оқытушылар құрамын, әріптестерімізді құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да университетімізде білім беру бағдарламалары алдыңғы орыннан, абырой биігінен көрініп, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарымыз көп болсын.