Новости

Category

2018 жылдың 19-21 қазаны аралығында «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және «Педагогикалық технология» кафедрасының доценті Ш.Сапарбайқызы Түркияның Құшадашы (Құс аралы) қаласында өткен «Түрік-ислам мазар тастары» тақырыбындағы халықаралық симпозиумда Маңғыстау жерасты мешіттері, оның тарихи-танымдық, рухани-ағартушылық қызметі туралы баяндамалар оқыды. Сонымен қатар профессор Б.И.Нұрдәулетова симпозиумның 5-отырысын жүргізді. 3 күнге созылған симпозиумда Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырым, Маңғыстаудағы түркі...
Read More
Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын орындау және жаңа әліпбидегі жазу емлесінің Жобасын таныстыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Ықыласқызы 2018 жылдың 25-26 қазаны аралығында облыстың Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары тұрғындарымен кездесіп,...
Read More
Yessenov University Атриум залында Николай Григорьевич Яковлевтың жетекшілігіндегі Ақтау гарнизонының үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында студенттердің моральдық-рухани құндылықтарын тәрбиелеу және дамыту мақсатында үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетуі бастамасын Теңіз академиясы ұйымдастырды. Музыкалық топ соғыс жылдарындағы әскери шерулер мен әуендерді, классикалық туындыларды, қазақстандықтарға танымал халық әуендерін, сондай-ақ өз композицияларын орындады. Үрмелі аспаптар...
Read More
Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында #PublicTalk жобасы аясында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовпен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында қонағымыз студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Мақсат Нұрлыбекұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы әсер қалдырды.  
Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Атриум» залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында «Болашақ отбасы-мемлекет тірегі» байқауы өткізілді. Төрт кезеңнен тұратын байқауда студент жастар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналды. Әділ-қазылар алқасының айтуынша, әрбір жұптың өзіндік ерекшелігі болды. Байқаудың нәтижесі бойынша: – І орын – Үсенғали Сабыржан и...
Read More
25 қазан күні сағат 17:00-де Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында #PublicTalk  жобасы аясында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовпен кездесу болады.  Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!
Read More
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес және құқық» факультетінің студенттері «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Тасболатовамен Маңғыстау облысының басты қасиетті орындарының бірі – Шопан-Ата мешіті мен Оғландыдағы Бекет-Ата жер асты мешітіне барды. Шараның басты мақсаты Маңғыстау жастары арасында тарихи құндылықтарды қалыптастыру.  
Read More
“Дене тәрбиесі” кафедрасының Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 1-курс студенттері арасында, “Мен болашақ мамандығым туралы не білемін?” атты дискуссия өтті.
Read More
Құрметті әріптестер! 2018 жылы 30-қарашасында Yessenov Science Journal ғылыми журналына мақалалар жинау тоқтатылады!!! Yessenov Science Journal ғылыми журналы туралы ақпарат келесі мекен-жай бойынша алуға болады: 130003, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 32 шағын аудан, Yessenov University Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі, 12-04 бөлме телефоны: +7 (7292) 42-02-29, +7 (7292) 42-57-80, +7 778 304 16 53 веб-сайт: http://yu.edu.kz/...
Read More
I Халықаралық Есенов оқулары аясында «Yessenov University үздік стартап жобасы» байқауы болып өтті. Байқау комиссия құрамы бизнес өкілдерінен құрылды. Комиссия жұмысында Yessenov University ғылыми жұмыс және интернационализация бойынша проректор  Нұрмағанбет Ермек Талантұлы төрағалық етті. Байқауда әр түрлі сала бойынша барлық факультеттен 23 жоба қорғалды, нәтижесінде комиссия шешіміне сәйкес келесі 3 стартап жоба үздік деп танылды....
Read More
1 106 107 108 109 110 136