«Yessenov University үздік стартап жобасы»

I Халықаралық Есенов оқулары аясында «Yessenov University үздік стартап жобасы» байқауы болып өтті.

Байқау комиссия құрамы бизнес өкілдерінен құрылды. Комиссия жұмысында Yessenov University ғылыми жұмыс және интернационализация бойынша проректор  Нұрмағанбет Ермек Талантұлы төрағалық етті.

Байқауда әр түрлі сала бойынша барлық факультеттен 23 жоба қорғалды, нәтижесінде комиссия шешіміне сәйкес келесі 3 стартап жоба үздік деп танылды.

  1. «Поездағы антикафе» жобасымен Қожаберген Нарұл;
  2. «Биопакет» жобасымен Темірханова Азиза;
  3. «Теңіз жолдары» жобасымен Адилханова Тилекши.

Байқау комиссиясы үздік жобаларды келесі критерилер бойынша іріктелді:

  1. Жобаның жаңашылдығы, даралығы;
  2. Әлеуметтік маңыздылығы, экологиялық әсері;
  3. Құрылатын жұмыс орын саны;
  4. Қайтарылымдылық мерзімі, тиімділігі;
  5. Мақсаттық аудитория болуы;
  6. Бәсекелік артықшылығы.